• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2023

Екібастұзда жылу желісінің үш учаскесі жөнделіп жатыр

192 рет
көрсетілді

Екібастұз жылу желісінің үш учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

2 ақпанда «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС ұжымы сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жылу желілерін қайта қосу үшін Тепличный 15 өткелінің бойындағы құбыр арқылы жылу беруді өшіреді.

Сондай-ақ бұл күні сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін жылу құбырының бір бөлігін ауыстыру үшін Абай көшесі, 127/131 бойындағы орамішілік желі жабылады.

2 ақпанда сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін жылумен жабдықтаушылар жылу желісінің екі учаскесінің зақымдануын жөндейді, бұл үшін Шевченко көшесі, 13 және Арбиева көшесі, 25/1 бойында құбырлар өшіріледі.