• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2023

Алматыдағы «Южный» саябағы мемлекет меншігіне өтті

325 рет
көрсетілді

Алматыда «Южный» саябағының жер телімін мемлекет меншігіне тапсыру рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінің бірінде қала тұрғындары аталған жер телімін мемлекет меншігіне алып, саябақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы мәселе көтерген еді.

«2022 жылдың 5 қазанында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы талап арызы қанағаттандырылды, өтемақы сомасы 2 338 817 000 теңге мөлшерінде анықталды ( 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №5386 сараптама қорытындысы бойынша). 2022 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. 2023 жылдың 13 қаңтарында өтемақы сомасы «Jusan Property» ЖШС-не ауыстырылды», деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Южный» саябағын абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қажетті құжаттарды дайындап жатыр.