• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Ақпан, 2023

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы басталды

204 рет
көрсетілді

Іс-шараға Әлихан Смайылов, Никол Пашинян,  Роман Головченко,  Ақылбек Жапаров пен Михаил Мишустин секілді әр елдің премьер-министрлері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағын құрамдағы отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жоспарланып отыр.

«Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін», деді отырыста сөз алған ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.