Алдағы демалыс күндері Францияда дзюдодан биылғы маусымдағы Grand Slam турнирінің шымылдығы түріледі. Париж татамиінде Қазақстан құрамасының балуандары да белдеседі.
Атап айтқанда, Францияда ерлер құрамасынан Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбай (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Есет Қуанов (66 кг), Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар, Мадияр Сембаев (81 кг), Дидар Хамза, Айдар Арапов (90 кг), Нұрлыхан Шархан, Бекәділ Сәдуақас (100 кг), Әділ Оразбаев, Жамбыл Тұрғынәлі (+100 кг) өнер көрсетеді.
Әйелдер құрамасынан Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 кг), Әйгерім Әбілқадырова, Толғанай Әбеуова (52 кг), Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева (57 кг), Самалай Ерғалиева, Есімгүл Күйілова (63 кг), Анастасия Морозова, Анастасия Маякова (70 кг), Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова (78 кг), Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова (+78 кг) күреседі.