• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Ақпан, 2023

Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

219 рет
көрсетілді

Оралда жан түршігерлік жол апатынан 33 жастағы Audi жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан.Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.