Қытайдың орталық бөлігіндегі Хунань провинциясында бес көлік соқтығысып, салдарынан 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қытайда тасжолда 10 минуттың ішінде 49 көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Оқиға Қытайдың орталық бөлігіндегі Хунань провинциясындағы тасжолда болды.
Сондай-ақ апат салдарынан 66 адам зардап шекті, оның сегізі ауыр жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жергілікті Төтенше жағдайлар министрлігі апат орнына жұмыс тобын жіберді.