• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 06 Ақпан, 2023

Президент Түркияға көмек көрсетуді тапсырды

528 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламада нақтыланғандай, Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты.

Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.