Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 912 адамға жетті, тағы 5 385 адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Egemen.kz Түркияның Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында болған 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан 912 адам қайтыс болып, 5 385 адам жарақат алған. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ