• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Ақпан, 2023

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

335 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің «СОМЭ» сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпанда Астана уақытымен таңғы сағат 8:45-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,2 және MPV магнитудасы - 4,7 болды.

Оқиғаның тереңдігі 15 шақырымды құрады, сезілуі туралы дерек жоқ.