Түркістан облысында орын алған жол көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Шымкент-Самара тас жолының 56 шақырымында Mercedes Benz автокөлігін тізгіндеген жүргізуші Өзбекстан азаматының Кia Carnival көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes Benz көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, жүргізушісі ауруханаға түскен.
«Қазіргі уақытта оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады», деп жазылған хабарламада.