• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Ақпан, 2023

U-17: Қазақстан құрамасы Даму кубогінде кезекті жеңісіне жетті

489 рет
көрсетілді

Бұл жолы Қазақстан құрамасы (U-17) Өзбекстанмен (U-16) кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Ойынның оныншы минутында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ілияс Әбіл есеп ашты. Араға тура 10 минут салып шабуылшы Тамерлан Ағыманов есепті еселей түсті.

Матчтың соңғы минутында ойынға екінші таймда араласқан Виктор Лакеев көзге түсіп, кездесуге нүкте қойды.

Қазақстан құрамасының сапынан матчтың үздік ойыншысы болып Ілияс Әбіл танылды. 

Енді Александр Кузнецовтың командасы топтық кезеңнің шешуші ойынын 9 ақпан күні елорда уақытымен 21:00-де Беларусь құрамасымен өткізеді.

Еске салайық, футболшыларымыз бұған дейін Ресей құрамасын (U-16) 1:0 есебімен жеңген еді.