Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров арнайы брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Түркиядағы дипломаттар елдің төтенше жағдайлар басқармасымен байланыс орнатты. Осы уақытқа дейін жер сілкіністері салдарынан қайтыс болған адамдардың тізімінде Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», деді ол.
Оның айтуынша, Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарымен байланыс орнатқан дипломаттар қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі хабарлаған.