• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Ақпан, 2023

Жалпы есепте үздік шықты

250 рет
көрсетілді

Индонезияның бас шаһары – Жа­картада винтовка және тапаншадан нысана көздеу спортынан Әлем кубогі бәсекесі өз мәресіне жетті.

Келесі жылы Парижде алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарына рейтингтік ұпай беретін байрақты додада Қазақстан құ­ра­масының спортшылары 11 медаль (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) олжалап, жалпы­командалық есепте бірінші орыннан көрінді. Жа­картадағы жарыста әлемнің 32 елінен келген 350 спортшы өнер көрсетті. Ал бұл сында ел намысын 15 спортшы қорғаған болатын.

Әлем кубогі сайысында жерлестерімізден Никита Чирюкин, Арина Алтухова және әйел­дер құрамасының өкілдері Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Гри­горьева алтыннан алқа тағып, жарыс жеңімпазы атанды. Индонезиядағы Әлем кубогі рейтингтік турнир болғандықтан, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшыларға нәти­же­леріне қарай рейтингтік ұпайлар үлес­тіріледі.