• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Ақпан, 2023

Израильде жер сілкінді

362 рет
көрсетілді

Израильде 7 ақпан күні сағат 23:17-де (Астана уақыты бойынша 8 ақпан,  03:17) магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жерасты дүмпулері Иерусалимде және басқа да көптеген қалада, соның ішінде Гуш Данда сезілген. 

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ. 

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Шхемнен 13 шақырым жерде, ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. 

Израиль геология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,5, эпицентрі Ариэль қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан.