• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 08 Ақпан, 2023

Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады

666 рет
көрсетілді

Жеңіліп көрмеген Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін жапондық Шито Такесакоға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Treasure Boxing Promotion-ның хабарлауынша, боксшылар арасындағы жекпе-жек 15 сәуірде Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтеді.

Жекпе-жек орта салмақта болады. Қазақ боксшысына тиесілі WBO International титулы бәске тігіледі.

Айта кетейік, Мейірімнің есебінде 18 жеңіс болса, оның 10-ын мерзімінен бұрын аяқтаған. Ситода 15 жеңіс (14 нокаутпен) және 1 тең нәтиже бар.