Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Яйладағы ауданының жағалауында магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі жағалаудан 71,61 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі Жерорта теңізінде жергілікті уақыт бойынша 03:22-де тіркелді. Тереңдігі - 6,94 км.