Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен елге 64 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына жетті.
«Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам, оның ішінде 42 Қазақстан азаматы және 22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген», делінген хабарламада.