• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Ақпан, 2023

Астанада қоғамдық көліктер жаңартылады

428 рет
көрсетілді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың автобус паркі жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл біз автобус паркін 25%-ға жаңартуды жоспарлап отырмыз. Алғашқы автобустар жазда келеді. Жаңа автобустар келген бойда біз қосымша бағыттарды іске қосу мүмкіндігін қарастырамыз. Биыл қалаға орта есеппен 300-ден 500-ге дейін жаңа автобус сатып алмақпыз. Бұл бүгінгі күннің 25-30 пайызын құрайды», деді Жеңіс Қасымбек Байқоңыр өңірінің тұрғындарымен кездесуінде.

Айта кетейік, биыл елордада 8 жаңа қалалық маршрут пен қала маңында жүретін 24 маршрут пайда болады.

Соңғы жаңалықтар