• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Ақпан, 2023

Ақмола облысында жол апатынан қырғыз азаматы көз жұмды

406 рет
көрсетілді

Ақмола полициясы Қырғызстан азаматының жазатайым оқиғадан көз жұмуын тергеп жатыр. Қайғылы оқиға қарсы жолаққа шығып кеткен жүк көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 ақпанда Жақсы ауданында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 922 шақырымында «Man» жүк көлігі мен «Daewoo Matiz» көліктері соқтығысқан.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Daewoo Matiz көлігінің жүргізушісі, Қырғызстанның 64 жастағы азаматы басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып кетіп, Қарағандының 55 жастағы тұрғыны басқарған ауыр жүк көлігімен соқтығысқан», деді полиция.

Жеңіл көліктің жолаушысы 62 жастағы Қырғызстан азаматшасы оқиға орнында көз жұмды.

Daewoo Matiz көлігінің жүргізушісі Жақсы аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның кәмелетке толмаған жолаушылары 2005 және 2019 жылғы балалар зардап шеккен жоқ.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен жол жүру ережесін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта көліктер тұраққа қойылды.