• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Ақпан, 2023

Апат кезінде туған сәбиді асырап алғысы келетіндер көп

2234 рет
көрсетілді

Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген нәрестені асырап алуға көптеген адам ниет білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желіде ер адамның шақалақты орап, көтеріп бара жатқан бейнежазбасы тез таралып кетті. Бұған дейін сәбидің қираған үйіндінің астынан табылғаны туралы жазған болатынбыз. 

Сәби жер сілкінісі кезінде дүниеге келіп, кіндігі кесілмеген күйде табылған. Бірден ауруханаға жеткізіліп, аман қалған. Ал оның отбасы апат салдарынан түгел қаза тапқан.

Нәрестеге Ая деген ат қойылған. Ол араб тілінен аударғанда таңғажайып деген мағынаны білдіреді. Ая қазір ауруханада. 

«Оны ауруханаға алып келгенде жағдайы өте нашар болды. Әрең тыныс алып жатты. Бірақ қазір жағдайы жақсы», дейді педиатрлар.

Әлеуметтік желілердегі мыңдаған адамдар оны қалай асырап алуға болатындығы туралы сұрап хат жолдаған. Аурухана менеджері де әлемнің түкпір-түкпірінен Аяны асырап алғысы келетін адамдардың хабарласқанын айтқан.

Бірақ дәрігерлер оның туыстары бар болғандықтан, асырап алуға рұқсат етілмейтінін айтты.