• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Ақпан, 2023

Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды

573 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен сағат 11:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сілкініс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.

«Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 км», делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.

Еске салайық, 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирия елдерінің аумағында жойқын жер сілкінісі орын алды, жерасты дүмпулерінің күші 7,8 баллға дейін жетті.