Ақмола облысының Степногорск қаласына қарасты Ақсу кентінде ескі шахтаға түсетін жер асты туннелі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
«Оның диаметрі - 1,5, тереңдігі - 8-10 метр. Заңсыз алтын іздеушілер бұл туннель арқылы жұмыс істемейтін шахтаның төменгі қабатына түсіп жүрген. Тәртіп сақшылары мен алтын өндіруші компания қызметкерлері заңсыз өткелді жауып тастады. Жалпы Ақмола облысында былтыр 1 мыңнан астам, биыл 17 заңсыз алтын іздеуші жауапқа тартылған», делінген хабарламада.