• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 11 Ақпан, 2023

Алтай Көлгінов Ұлытау облысында ұлттық жобалардың іске асырылу барысын бақылады

374 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында «Ауыл аманаты», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп» ұлттық жобаларының ұзақ құрылыстарымен және іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәтбаев қаласында вице-премьер Алтай Көлгінов бірнеше жыл бұрын құрылысы басталған 320 орындық оқушылар сарайы мен балабақша құрылысының барысымен танысты.

Сондай-ақ Теректі станциясында мектеп салынып жатыр. Бұл оқу орны оқу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, өйткені қазір балалар апаттық мектепте оқуға мәжбүр. Ұлытау облысы мен Қарағанды облысының әкімдіктері орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, ұзаққа созылған құрылыстардың пайда болуына жол бермеу және басталған әлеуметтік нысандарды аяқтау бойынша жұмыс кешенін жандандыру қажет.

Премьер-министрдің орынбасары ұлттық жобалардың іске асырылу барысымен де танысты. Мәселен, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы бойынша Ұлытау облысында 20 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынады, оның ішінде перинаталдық орталық бой көтереді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің өңірлерінде 12 перинаталдық орталық салынады. Олардың қатарына Жезқазғандағы перинаталдық орталық кіреді, өйткені қалада мұндай медициналық мекемелер бойынша тапшылық бар. Бұл мәселе – Үкіметтің бақылауында. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде ел өңірлерінде және шалғай ауылдарда барлығы 650-ден астам  медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысаны салынады. Биыл өңірлер МСАК-тың 300 нысанын салуға кірісуі тиіс», деді вице-премьер Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ өңірде «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде 7 оқу орнын салу жоспарланса, Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық ЖОО құру қолға алынбақшы. Сонымен қатар вице-премьер Сәтбаев қаласының спорттық-сауықтыру кешеніне барды. Өңір әкімдігі спорт кешенінің аумағында олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат салуды ұсынды. Өңірдегі спорт секцияларында 7 жастан 15 жасқа дейінгі 5 мыңнан астам бала спортпен айналысады. Құрылысқа қажетті жер учаскесі бар. Бұл шаралар балалар мен жастарды спортпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.

Алтай Көлгінов Кеңгір кентінде фермерлермен де кездесті. Кездесу барысында «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Ұлытау облысында өткен жылы қатысушыларға несие беру үшін 570 млн теңге берілді, биыл қосымша 2 млрд 800 млн теңге бөлінеді. Қолданыстағы өндірістерді қолдау және жаңа өндірістерді ашу өңірді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Ауыл аманаты» жобасы биылдан бастап өңірлердің ерекшелігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, бүкіл ел бойынша масштабталатын болады.

Жұмыс сапары Ұлытау және Абай облыстары, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарларының, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, ғылым және жоғары білім, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика және т.б. вице-министрлердің қатысуымен өткен кеңеспен аяқталды.