• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2023

Жамбыл облысында 400 көлік сапарын жалғастыра алмай тұр

300 рет
көрсетілді

11 ақпан күні Жамбыл және Түркістан облыстарында бірнеше бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы «Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» тас жолының жабық учаскесінің алдында 120 жеңіл, 100 жүк көлігі, 600-ге жуық жолаушы және 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды.

Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі. Жұмысқа ТЖ, полиция департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Сондай-ақ Жамбыл облысының Жамбыл ауданында «Алматы-Термез-Ташкент» тас жолының жабық учаскесінің алдында (534-593 км)  150 жеңіл, 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы жиналып қалған.

Мұнда да ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. АМО бригадасы 15 адамға (қысым, бас ауруы, стресс) медициналық көмек көрсетті.