• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 12 Ақпан, 2023

Жасөспірімдер күміс жүлде еншіледі

186 рет
көрсетілді

Минскіде ұйымдастырылған футболдан «Даму кубогі-2023» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Жасөспірімдер арасындағы турнирдің финалында «А» және «В» тобында үздік шыққан Қазақстан мен Ресей жасөспірімдер құрамалары кездесті. Ойынның алғашқы бөлігі тең есеппен аяқталғанымен (1:1), екінші таймда ресейліктердің жолы болды – 3:1. Бас жүлде үшін өткен матчта Қазақстан құрамасы сапынан жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл бірінші таймның 9-минутында мергендігімен көзге түсті. Бұл – оның осы турнирдегі үшінші голы.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы турнирдің күміс жүлдесін иеленсе, Ресей футболшылары алтыннан алқа тақты. Ал үшінші орын үшін өткен матчта Ресейдің 16 жасқа дейінгі құрамасын 3:0 есебімен жеңген Тәжікстан (U-17) футболшылары қола жүлдегер атанды. Турнир қорытындысы бо­йын­ша Қазақстан құрамасының қақпашысы Әбілқайыр Әлиакбар «Даму кубогінің» үздік қақпашысы деп танылды.