• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Ақпан, 2023

Ольга Рыпакова кәсіби мансабын аяқтады

440 рет
көрсетілді

Бірнеше дүркін Олимпиада чемпионы, қазақстанның жеңіл атлеті Ольга Рыпакова кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бұл туралы жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия Чемпионатында хабарлады.

«Мен өз еліме алғыс айтамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап, ең жас жанкүйеріме дейін, маған деген сенім үшін алғысымды білдіремін. Мені тұлға ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын», деді кәсіби спортшы.

Отандық спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Премьер-министр Әлихан Смайылов Рыпаковаға алғыс хат жолдады.

«Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі сақталады. Біз сіздің спортқа деген адалдығыңызды және ұстанымдарыңызды жоғары бағалаймыз. Еліміздегі мыңдаған балалар сізден үлгі алып, ұлттық жеңіл атлетиканың дәстүрлерін жалғастырып келеді. Біз сіздің спортқа қосқан үлесіңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сізге денсаулық, амандық және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!», делінген Смайыловтың жолдаған хатында.

Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.