• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Ақпан, 2023

ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты

300 рет
көрсетілді

13 ақпан күні сағат 10:54 шамасында республикалық маңызы бар Өскемен-Рахманов тас жолының Топқайың және Катонқарағай ауылдарының аралығында «ВАЗ-2108» және «Lada Granta» көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол апатынан ВАЗ-2108 көлігінің 87 жастағы жолаушысы оқиға орнында, ВАЗ-2108 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен «Лада Гранта» көлігінің кәмелетке толмаған жолаушысы ауылдағы ауруханада қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жарияланбайды.