• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Ақпан, 2023

Ford компаниясы қызметкерлерін қысқартады

380 рет
көрсетілді

Ford компаниясы Еуропадағы 3,8 мың қызметкерін жұмыстан босатып, бірқатар модельді шығаруды тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қызметкерлерді қысқарту алдағы екі жыл көлемінде жасалады. Қысқарту атап айтқанда, дизайнерлер, инженерлер, сынаушыларға қатысты болмақ. Сондай-ақ компанияның еуропалық бөлімшелерінің әрбір бесінші кеңсе қызметкері жұмысынан айырылуы мүмкін.

Мұндай қысқарту компанияның электромобиль өндірісін дамытуымен байланысты. Сондай-ақ алдағы уақытта тағы мыңға жуық  маркетинг, сауда-саттық және әкімшілік бөлімдері жабылуы мүмкін.

Financial Times басылымы хабарлағандай, компания Еуропадағы пайданың қысқаруына байланысты осындай қадамға барып отыр. Компания Fiesta және Focus сияқты модельдерді шығаруды тоқтатуға мәжбүр. Оған себеп электрлі  модельдерін шығаруға дайындық. 2030 жылға қарай автоөндіруші Еуропада тек электр машиналарын сатуға ниетті, ал 2035 жылға қарай бензин және дизельді қозғалтқыштары бар минивэндерді шығарудан бас тартуды ойлап отыр.