• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Ақпан, 2023

Румынияда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

350 рет
көрсетілді

Бүгін түсте Румынияның оңтүстік-батысындағы Горж уезінде магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің ошағы 40 км тереңдікте, бір күн бұрын магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болған дәл сол таулы аймақта болды.

Жерасты дүмпулері жер сілкінісінің ошағынан оңтүстік-шығысқа қарай 300 шақырымнан астам жерде орналасқан ел астанасы Бухарестте анық сезілді. Әзірге зардап шеккендер туралы хабар жоқ.

Румыния - Еуропадағы ең белсенді сейсмикалық аймақтардың бірі. Бұған дейін елде магнитудасы 7,0-ден 7,8-ге дейінгі аралық тереңдіктегі (70-200 км) бірнеше жер сілкінісі тіркелген. 1977 жылдың наурыз айында 7,2 балдық жер сілкінісі 1000-нан астам адамның өмірін қиып, мыңдаған үйлерді зақымдаған.