• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ғылым 15 Ақпан, 2023

Жасанды интеллект адамзатқа қауіп төндіре ме?

767 рет
көрсетілді

Кез келген салада жетістікке жету үшін жасанды интеллекттің әлуеті зор болғанымен, адамзатқа үлкен қатер төндіруі мүмкін. Бұл туралы америкалық кәсіпкер, Twitter иесі Илон Маск Дубайда өтіп жатқан Әлемдік үкімет саммитінде бейнебайланыс арқылы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллект - жиналған ақпаратты қолдана отырып, кез келген тапсырмаларды орындайтын алгоритмдік жүйе. Жасанды интеллект адамның қолынан келе бермейтін тапсырмаларды оңай әрі тез орындай алады. Шағын жобаларды іске асыру бағытында да жасанды интеллекттің мүмкіндіктері шексіз екенін аңғаруға болады.

Жалпы, жасанды интеллекттің мүмкіндігі шексіз. Оны күнделікті өмірмізде орын алып жатқан алгоритмдерден де байқай аламыз.

Мысалы:

Чатботтар. Тұтынушылардың сұрауын тезірек талдау және тиісті жауапты беру үшін қолданылады; Ақпараттарды жинақтау. Деректер жиынтығынан ақпаратты еркін түрде алу және жоспарлау мүмкіндігін береді; Ұсыныс жүйелері. Қолданушылардың бұрын қараған ақпараттарына ұқсас ақпарат ұсыну.

«Мұның жағымды да, жағымсыз жақтары да бар. Оны пайдаланудың пайдалы тұстары өте көп. Десе де ол - ядролық бомбалар сияқты үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін естен шығармау қажет. Сондықтан бізге бұл саланы әлі де жан-жақты зерттеу қажет», деді кәсіпкер.