• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 15 Ақпан, 2023

Жасөспірім жарап тұр

153 рет
көрсетілді

Азия теннис федерациясы (ATF) мен «Tennis Europe» 14 және 16 жасқа дейінгі теннисшілердің рейтингтерін жаңартты.

14 жасқа дейінгілердің еуропалық рей­тин­гінде Қазақстан теннисшілерінен Ярослав Пшеничный көш бастап тұр. Ол – рейтингте 64-орында. Кейінгі сатыларға Михаил Ми­щенко (114-орын) мен Роберт Каминский (139) жайғасқан. Қыздар арасындағы рейтингте Ева Корышева ТОП-50 теннисшінің қата­рына жақындап келеді. Кешегі рейтингте ол 59-орынға көтерілді. Сонымен қатар Томирис Нұржан – 173-ші, Еркежан Жаңатаева 183- сатыға орналасқан.

16 жасқа дейінгілер арасындағы ATF рейтингінде әдеттегідей Кәрім Темірлан бірін­ші орында келеді. Қыздар арасындағы ТОП-10 теннисшінің қатарында Қазақстанның бес өкілі бар. Олар: Сафина Сафиулина (2-орын), Ариана Гогулина (4), Даная Аманғажиева (7), Полина Слепцова (8) және Еркежан Жаңа­таева (9).