• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Ақпан, 2023

Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

287 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талқылау барысында алдағы егіс науқанына байланысты мұнаймен қамтамасыз ету, арадағы делдалдықты болдырмау мәселелрі айтылды.

Талқылауға Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылары қатысты.

Премьер-министр өндірушілердің ішкі нарыққа жанар-жағармай материалдарын үздіксіз жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ кез келген жағдайға уақытылы жедел әрекет ету үшін қорлар мен сатылымдарға тұрақты режимде мониторинг жүргізу қажеттігін айтты.