• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Ақпан, 2023

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан жартас қақ бөлінді

574 рет
көрсетілді

Түркияның Адыяман провинциясында жартас қақ айырылып, маңайында орналасқан ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz 24 хабар арнасына сілтеме жасап

Адыяман - провинциясы жойқын зілзаладан ең қатты апатқа ұшыраған үш өңірдің бірі. Жер сілкінгенде бұл жартас қақ бөлінген еді. Телеарнаның хабарлауынша, жер сілкінісінен 9 күн өткеннен кейін жартас одан бетер қирап, тұрғын үйлерге қауіп төндірді. Жойқын зілзаладан кейін ел аумағында 4300-ден аса жерасты дүмпуі тіркелді.

Түркия төтенше жағдайлар агенттігінің мәліметіне сенсек, бүгінде қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Кахраманмарашта 248 сағаттан кейін 17 жастағы қыз, Антакияда 228 сағаттан кейін 13 жастағы ұл бала үйінді астынан аман-есен шығарылды.

Нәтижесінде құтқарылғандар саны 108 мыңнан асты. Елімізден барған құтқарушылар өздеріне тапсырылған нысандардағы жұмысты аяқтап, әріптестеріне көмектесіп жатыр. Еске сала кетейік, Түркияның Хатай провинциясында тағы да 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.