YouTube бас директоры Сьюзен Воджицки отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Tech Crunch сайтына сілтеме жасап.
Қызметкерлерге жазған хатында Воджицки өмірінің жаңа тарауын бастау үшін қызметінен кететінін айтқан. Ол ендігі уақытын отбасына арнамақ. Воджицки тоғыз жыл бойы YouTube-ті басқарды. Енді өндірістік бақылау бөлімінің басшысы Нил Мохэн бейнехостингтің жаңа бас директоры болады.
«Бүгін осындағы 25 жылға жуық жұмысымнан соң YouTube-тің бас директоры қызметінен кетіп, отбасы, денсаулық және жеке жобаларға назар аударатын жаңа тарауды бастау туралы шешім қабылдадым. Өйткені YouTube-те керемет көшбасшылық команда бар», деп жазды олү