• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Ақпан, 2023

Түркияға аттанған құтқарушылар елге оралды

469 рет
көрсетілді

Нұрдағы қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ құтқарушылары  мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Астана әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар,  туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уфук Экиджи (Ufuk Ekici) біздің құтқарушыларымызды күтіп алды және олардың әрқайсысына атқарған қиын жұмысы үшін алғысын білдірді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ техникасы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен болатын.  Қазақстандық құтқарушылар тобын Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.

Еске салайық, Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.