• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 20 Ақпан, 2023

Қарағанды ​​облысының бас экологы тағайындалды

240 рет
көрсетілді

Бақтияр Жұматайұлы Санбаев Қарағанды ​​облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бақтияр Санбаевтың екі жоғары білімі бар. Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін «төтенше жағдайлардан қорғау, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша және Орталық Қазақстан академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды ​​облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2013 жылдан бастап Қарағанды ​​облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында жұмыс істейді.

2020 жылдың маусым айынан бастап осы тағайындауға дейін басшының орынбасары қызметін атқарды.