Қылмыскер Қостанай облысында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барсында ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рудный қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына мемлекетаралық іздеуде жүрген 1996 жылы туған Ресей Федерациясының азаматын анықтады.
«Қылмыскер Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алу мәселесі бойынша көші-қон қызметіне жүгінген кезде ұсталды. Жас жігіт 2022 жылдың желтоқсанында Қазақстанға Түркиядан келгені, көрші мемлекеттің аумағында жасалған бопсалау үшін іздеуде екендігі анықталды. Іздеуде жүрген адамды полиция қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.