Бүгін Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №16 мекемесінен сотталған адам қашып кеткен. ҚР ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ер адам қарақшылық жасағаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі) бас бостандығынан айырылғаны атап өтілді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Қашып кеткен адам бір сағат ішінде ұсталды», делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің егжей-тегжейлері мен өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Қазіргі уақытта Өскемен қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 426-бабы «Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.