• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Ақпан, 2023

Филиппиндегі ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты

288 рет
көрсетілді

Филиппиндегі ұшақ апатынан екі Австралия азаматы мен екі жергілікті тұрғын қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Австралия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Пенни Вонг мәлімдеді. 

«Филиппиндегі апат орнына іздеу-құтқару топтары жетті. Өкінішке қарай, тірі қалғандар жоқ», деді ол. 

Агенттіктің мәліметінше, 18 ақпанда Бикол халықаралық әуежайынан Манилаға ұшып шыққан Cessna 340A әуе кемесі бір сағаттан кейін диспетчерлермен байланысқа шықпаған. Ұшақ сынықтары үш күннен кейін Лусон аралында орналасқан Майон жанартауы маңынан табылды. 

Ұшақ жанартау ошағына жақын жерге құлағандықтан іздестіру операциясын жүргізу қиынға соққан. Бұл үшін 250-ден астам төтенше жағдай қызметкерлері мен әскерилер жұмылдырылған.