• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Ақпан, 2023

Ақтөбе облысында ірі жол апаты болды

307 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында бірнеше автокөлік бір-біріне соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін, 23 ақпанда Самара–Шымкент автожолында Маржанбұлақ аулының  маңында 11 автокөлік соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты нашар көріну салдарынан болған.

Зардап шеккендер жоқ.

«Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді», делінген Polisia.kz таратқан хабарламада.