Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Алматыдағы ықтимал жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы – республикамыздың сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі. Қала тектоникалық плиталардың 27 қауіпті жарылу аймағында орналасқан. Олардың негізгілері - қаланың таулы аймақтары. Барынша қауіпсізі – Түрксіб ауданы, қалғандарының бәрі – Медеу, Бостандық аудандары опырылу орындарында орналасқан, сондықтан қауіп жоғары», деді Күлшімбаев.
Оның болжамы бойынша, 9 және одан да көп баллдық жер сілкінісі болған жағдайда Алматыдағы тұрғын үйлердің 30 пайызы зардап шегуі мүмкін.
«Болжам бойынша, 9 балл және одан жоғары жойқын жер сілкінісі болған жағдайда тұрғын үйлердің 30 пайызына дейін қирауы мүмкін. Тиісінше, шығын көлемін де есептеу қажет», деп түйіндеді вице-министр.