• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 24 Ақпан, 2023

Қазақстанда қос дипломды білім беру грантының құны артады

250 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанда қос дипломды білім беруге арналған білім беру грантының құнын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның аясында Аризона университеті өз филиалын ашуына байланысты Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде қос дипломды білім алуға арналған грант құны 920 мың теңгеден 2,5 миллион теңгеге жоғарылайды. Бұл Қазақстандағы білім гранты бағасының ең жоғары мөлшерінің бірі.