• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2023

Алматыда жаңа саябақ салынады

329 рет
көрсетілді

Алматының Жетісу ауданында жаңа саябақтың құрылысы басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Былтыр «Айнабұлақ - 1», «Айнабұлақ - 3» ықшам аудандарының скверлері және «Гүлдер» паркі өндеуден өтті. Суару жүйелері жаңартылып, жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған 2 жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды. Биыл наурыз айында «Кемел» шағын ауданында жаңа парктің құрылысын бастап, жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз», деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар әкім «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында ауданда 23 жоба іске асырылғанын атап өтті.