• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2023

Алматыда жаппай төбелеске қатысқан 11 адам ұсталды

Ішкі істер министрлігі Алматыдағы топтық төбелеске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше сағат 23:00 шамасында Алматының Бостандық ауданында жастар арасында төбелес болды.

«Дабылға бірден бірнеше патрульдік полиция экипажы ден қойып, нәтижесінде 11 күдікті ұсталды. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қақтығыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар