• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Ақпан, 2023

Түркияның оңтүстігінде 4,5 балдық жер сілкінісі болды

237 рет
көрсетілді

Зілзаланың эпицентрі Хатай провинциясының Самандаг ауданынан 3,25 км қашықтықта болды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Антакия ауданының жағалауында 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы бүгін Түркия үкіметі жанындағы апаттар және төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) сайтында хабарланды.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05.26-да тіркелді.

Эпицентрі Хатай провинциясының Самандаг ауданынан 3,25 км қашықтықта орналасқан. Зілзаланың ошағы Жерорта теңізінің түбінде 13,29 км тереңдікте жатты.