• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Ғылым 26 Ақпан, 2023

Гонконгке жолдама

258 рет
көрсетілді

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары – Олжас Құсайын, Нұрсат Керей, Айсана Басағаринова Азия құрлығының үздік жоғары оқу орындарының гранттарын иеленді.

Олжас Құсайын мен Нұрсат Керей City University of Hong Kong (CityU) уни­верситетін таңдады. Гон­конг қалалық университеті жо­ғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде (World QS Ranking) 54-ші және уни­верситеттердің Азиялық рей­тингінде 23-ші орында тұ­­рақтаған. Бұл – ғылыми-зерт­теу және жоғары білім беру сала­сында беделі жоғары, әлем­дік деңгейде қарқынды дамып келе жатқан оқу ордасы. Ол­жас электр инженериясы бағ­дарламасын таңдаған. Ал Нұрсат биоинженер болуды армандайды.

Айсана Басағаринова Гон­конг Қытай университетінің (Тhe Chinese University of Hong Kong) грант иегері атанды, ол да биоинженерлік салаға бет бұруды мақсат етіп отыр.

Бүгінгі таңда Гонконг уни­вер­ситеттерінде Петропавл­дағы зияткерлік мектептің 3 түлегі оқиды. Екеуі Hong Kong Polytechnic University сту­ден­ті, тағы біреуі Hong Kong University-де білім алып жатыр.