• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Партия 26 Ақпан, 2023

Бағдарламасымен таныстырды

279 рет
көрсетілді

«Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлерге «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Николай Арсютин сайлауалды бағдарламаның басты бағыттарының бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді еңбек ұжымының мүшелеріне түсіндірді.

– Тәуелсіздік алған 30 жыл бойы, оның ішінде соңғы 2-3 жылда азық-түлік бағасы өсіп жатыр. Мұны кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Сондықтан «Ауыл» партиясы халықтың табысын, әлеуметтік қызметтердің, атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет сапасын арттыруға ниетті. Сондай-ақ біз ана тілді нығайтуға, халықтың рухын жандандыруға және халықтың санасын жаңғыртуына өз үлесімізді қосқымыз келеді, – деді Николай Арсютин.

Кездесу аясында кандидаттар қалада өмір сүрудің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту сияқты тақырыптарды көтерді. Үгіт-насихат тобы қоғамда отбасының, ана мен жастардың рөлін арттырудың маңыздылығын айтты. Ауыл мен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы барлық әлеуметтік-экономикалық мәселені түбегейлі шешуге болатынын алға тартып, іс-шараны қорытындылады. Жұмысшылар болса «Ауыл» партиясының бастамаларын қолдады.

Астана электротехникалық зауытының қыз­мет­керлерімен кездесуден кейін кандидаттар Астана қаласының №2 бір мандатты сайлау округі бойынша «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды штабына барды.

– Партиялас кандидаттармен партияның алдыңғы сайлауда жинақтаған тәжірибесіне, осы үгіт-насихат науқанының басында сайлаушылардың бөліскен пікірлері мен ұсыныс­тарына сүйене отырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тактикасын талқыладық, – деді Төлеутай Рақымбеков.