• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Ақпан, 2023

Түркиядағы жер сілкінісінде неге адам шығыны көп болды?

716 рет
көрсетілді

6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында, Сирия шекарасына жақын жерде болған жер сілкінісінен 50 мыңға жуық адам қаза тауып, 180 мыңға жуық адам жараланды, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Түркияда бірнеше рет жер сілкінді. Бірінші жерасты дүмпуі 7,8 балл болды. Апат ғимараттарды қиратып, адам шығынына әкелді. Одан кейін де Газиантеп қаласының маңында болған жер сілкінісі бірнеше рет қайталанды. Мамандардың айтуынша, бұл оқиғаның көп шығынға ұшыратуының бірінші себебі адамдардың ұйықтап жатуы болды. Екіншіден, ғимараттардың сапасы маңызды фактор болса, үшіншіден, оқиға болғаннан кейін 24 сағаттың ішінде ғана адамдарды іздеп, тауып аман алып қалу мүмкіндігі жоғары болды. 

«Ғимараттардың талаптарға сай салынбауы өте үлкен әсер етті. Күн өткен сайын тірі қалған адамдардың саны азая береді.  Құтқарушылар бірінші күні барлық адамды құтқаруға қауқарсыз болды. Өйткені қала түгел дерлік қирап қалды. Әрі бұл аймақта ұзақ уақыт жер сілкінісі болмаған және жер сілкінісі болатыны туралы болжам мен ескерту жасалмағандықтан, Үкімет бұндай жағдайға дайын болмады», деді Портсмут университетінің вулканология және тәуекелдерді ақпараттандыру саласының оқытушысы Кармен Солана.