• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Ақпан, 2023

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

210 рет
көрсетілді

Бүгін Атырау облысында ірі жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының Мақат - Қызылқоға бағытындағы 492 шақырымында болған.

Анықталғандай, «Toyota Ipsum» жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан 4 адам қайтыс болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», делінген Атырау облысы ДП баспасөз қызметі таратқан хабарламада.