• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Наурыз, 2023

Сейсмолог наурыз айында жер сілкінісі болады деп болжап отыр

544 рет
көрсетілді

Сейсмолог ғалым наурыз айында әлемнің бірнеше елінде жер сілкінісі болатыны туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалым Фрэнк Хугербиттің айтуынша,  8,5 тіпті одан жоғары магнитудада жер сілкінісі болуы мүмкін.  Бұл жер сілкінісі Ресейге (Курил аралдары), Жапонияға, Оңтүстік Еуропа елдеріне, Индонезияға, Пәкістанға, сондай-ақ Солтүстік Американың бір бөлігіне әсер етеді деп болжанып отыр.

«Мен әсіре сілтеп, қорқыныш тудыруға тырыспаймын. Жай ғана ғылыми болжамдарға сүйеніп, ескертіп жатырмын», деді сейсмолог.

Бұрын ғалым Фрэнк Хугербит Түркия мен Сириядағы жер сілкінісін де алдын ала болжаған еді.